20195
Еуроодақ шекарасын жапты, шенген визалары берілмейді
Еуроодақ шекарасын жапты, шенген визалары берілмейді
Еуроодақтың бейнеконференция режімінде өткен саммиті кезінде жаңа типтегі коронавирустың таралуына қарсы күрес жүргізу мақсатында одақтың сыртқы шекарасын 30 күнге жабу шешімі мақұлданды, – деп хабарлады Euronews.
Бұл шешім бойынша шенген визаларын беру тоқтатылып, ЕО-ның қазіргі визаларымен турист ретінде немесе өзге де мақсатпен кіруге болмайды.
«Әлемде коронавирустың таралуын тоқтату үшін, біз Еурокомиссия ұсынысы негізінде сыртқы шекараларымызды бекітіп, ЕО-ға барлық шұғыл сапардан басқасын 30 күндік мерзімге уақытша шектеу туралы шешім қабылдадық», – деді Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель.
«Ішкі шекаралар мен кептелістер бүгінде басты мәселенің бірі. Оны шешу өте қажет еді. Еуропалық одақ ішінде көп адам қалып қойған, тауар жеткізетін жүк көліктері кептелісте тұр, бірақ тауарлар еркін тасымалдануы тиіс, олар ішкі нарықтың жұмысы үшін қажет», – деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.
Осылайша, саммитте жүк көліктері үшін «жасыл дәліз» құру туралы шешім қабылданды.