Саяхатшы қазақстандықтарды елге жеткізу үшін 17 рейс ұйымдастырылады

Саяхатшы қазақстандықтарды елге жеткізу үшін 17 рейс ұйымдастырылады

Саяхатшы қазақстандықтарды елге жеткізу үшін 17 рейс ұйымдастырылады
ашық дереккөзі
209
Коронавирустың жаппай таралуына байланысты әлемнің әр түкпірінде саяхаттап жүрген қазақстандық туристерді елге жеткізу үшін 17 әуе рейсі ұйымдастырылады. Бұл туралы «Туристік қамқор» қоры хабарлады. Бұл шешім еліміздің туризм индустриясы комитетімен бірлесіп қабылданған. Айта кетейік, ресми мәлімет бойынша дәл қазір шет мемлекеттерде 4500-ден астам Қазақстан азаматы бар. Олар Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд, Үндістан және Мальдив аралдарында саяхаттап жүр. Сондай-ақ бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Дүниежүзінде дерттің өршуіне байланысты Қазақстанда да 1 ай төтенше жағдай жарияланды.

Серіктес жаңалықтары