Коронавирус: Шымкентте 12 адамнан сынама алынды

Коронавирус: Шымкентте 12 адамнан сынама алынды

Коронавирус: Шымкентте 12 адамнан сынама алынды
ашық дереккөзі
Шымкентте карантинде жатқандар саны 125 адамға жетті. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, олардың 69-ы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, өзге 56 адам өз үйлерінде оқшауланған. Шаһарда барлық талаптарға сай келетін 170 орын, 680 провизорлық жатын орын әзірленген. 750 орынды аурухананы дәрі-дәрмекпен ұстап тұруға мүмкіндік бар. 4300 азамат дайындық жұмыстарына резерв ретінде тұр. Сондай-ақ, осы күнге дейін коронавирусты анықтау үшін 12 адамнан сынама алынғанымен ауру расталмаған. Олардың екеуі – Қытай азаматы.