Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты бір жылға шегерілді

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты бір жылға шегерілді

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты бір жылға шегерілді
ашық дереккөзі
Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі әлемдегі коронавирус дертінің жағдайына байланысты ресми түрде 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы УЕФА ресми сайты хабарлады. UEFA шешімі оған мүше барлық ұлттық федерацияларға жіберілді. Еуропа чемпионаты финалдық кезеңін өткізу мерзімі UEFA ұйымдастырған еуропалық клубтар мен лига басшыларының қатысуымен өткен видеоконференцияда талқыланды. Енді турнир 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілде аралығында өткізіледі. Негізінде ол биыл 12 маусым – 11 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын. Бұдан бұрын футболдан Қазақстан біріншілігі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.