20323
Атырау облысында 6 адам карантинде жатыр
Атырау облысында 6 адам карантинде жатыр

Атырау облысында 6 адам карантинде жатыр. Бұл туралы бүгін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов мәлім етті.
«Атырауда коронавирус күдігімен 6 адам 1А санатымен карантинде жатыр. Оларға провизорлық стационарда 14 күн медициналық бақылау жүргізіледі. Сонымен бірге, №2 облыстық ауруханада үш адам дәрігер бақылауына алынды. Олар – Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтар» – Байтолла Ғазизов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Ресейдегі Самара қаласынан келген азамат ЖРВИ белгісімен Индер ауданындағы ауруханаға жатқызылды. Ал, жуырда АҚШ-қа спорттық жарысқа барып келген параволейбол командасының мүшелері 24 күн тұрғылықты жерінде медициналық бақылауға алынды.