Парламент Мәжілісі қашықтықтан жұмыс істейді

Парламент Мәжілісі қашықтықтан жұмыс істейді

Парламент Мәжілісі қашықтықтан жұмыс істейді
ашық дереккөзі
182
Парламент Мәжілісі 18 наурыздан 15 сәуірге дейін қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты қабылданды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісі ғимаратында парламенттік іс-шараларға қатысушылар мен келушілер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізілді. Мәжілістің барлық шаралары (жұмыс топтары, бейінді комитеттердің отырыстары, «үкімет сағаттары», жалпы отырыстар) Палатаның ресми www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Сондай-ақ Мәжілістің сайтында өткен шаралар туралы қысқаша мәліметтер мен суреттер жедел түрде жарияланады. Сонымен қатар, барлық қажетті ақпаратты баспасөз қызметінен: 74-63-04, 74-63-05, 74-68-44 телефондары арқылы алуға болады.

Серіктес жаңалықтары