Коронавирус: дәрігерлердің жалақысы 2-3 есе көтерілуі мүмкін

Коронавирус: дәрігерлердің жалақысы 2-3 есе көтерілуі мүмкін

Коронавирус: дәрігерлердің жалақысы 2-3 есе көтерілуі мүмкін
ашық дереккөзі
«Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы емханаларға өңірлерден дәрігерлер шақыртылып жатқанын айтты. «Төтенше жағдайға байланысты дәрігерлердің барлығы жұмылдырылды. Яғни, кезек-кезекпен жұмыс істейді. Министрлік тарапынан оларға көп жағдай жасалып жатыр. Олар майданның алдыңғы шебінде жүргендіктен жағдай жасау керек. Күн тәртібі де өзгерді. Төрт кезектен жұмыс істеуде. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына дәрігерлер шақырылуда», – деді Диас Ахметшәріп. Оның атап өтуінше, өңірлерде дәрігерлер жеткілікті. Отандық дәрігерлер вирус тараған кезде қалай жұмыс істеу керектігін біледі. «Дәрігерлердің барлығы – білікті мамандар. Соған қарамастан күшейтіп жатырмыз. Әзірше екі қалада ғана анықталып отыр. Басқа Қазақстанның қалаларына таралмауын тілейміз. Министрлік тарапынан дәрігерлерге толыққанды қолдау бар, ынталандырып жатырмыз. Министрдің қаулысы бар. Осындай жағдайда жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге 2-3 ай бойы жалақысын 2-3 есе көтеру мәселесі штабта қарастырылып жатыр», – деді ресми өкіл.