Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Louis Vuitton иіссу орнына антисептиктер шығара бастады

Әлемдік бренд LVMH қолды зарарсыздандыруға арналған құралдар шығаруға кірісті.

Компанияның президенті Бернард Арно коронавируспен күресте ауруханаларға көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Францияның 3 зауытында өндірілген санитарлық заттар мемлекетке тегін берілмек. Париждің 40 ауруханасына шамамен 12 тонна антисептик жеткізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі футболшы Криштиану Роналду өз меншігіндегі қонақүйлерді коронавирустың алдын алу үшін аурухана ретінде пайдалануға бергенін хабарлағанбыз. 

Спортшы қонақүйлерін тегін беріп қана қоймай, онда жататын науқастарға қызмет көрсететін мамандардың жалақысын да өз мойнына алған. 

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button