Президент: Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд долларға жетті

Президент: Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд долларға жетті

Президент: Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд долларға жетті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының ел экономикасына әсері туралы пікір білдірді.  «Коронавирустың әлемдік экономикаға қалай кері ықпал еткенін көрдік. Іс жүзінде бүкіләлемдік экономикалық жүйені қайта жаңғырту мәселесі қойылып отыр. Қазақстан да осы ауқымды дағдарыстың салдарын сезінуде», - деді Президент қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, экономикалық катаклизмдерге қарамастан, әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздықтың артуына жол бермес үшін барлық шаралар қолданылады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміздің халықаралық резервтері шамамен 90 млрд долларға жетті. Бұл – экономикамыздың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың маңызды кепілі. Біз бюджеттік шығындарды максималды тиімді болатын бағыттарға қайта бұрамыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 млрд теңге бөлінеді», - деді Мемлекет басшысы.