Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Жалған ақпарат таратқандар жазаланады – Мемлекет басшысы

Ел тұрғындарын дүрліктіріп, жалған ақпарат таратушылар жазаланады.  Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде айтты. 

«Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет. Татулық пен тұтастықтың арқасында кез келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button