Жаңалықтар

«Домбыра» фильмі екі Халықаралық кинофестивальге қатысады

Режиссер Рамазан Қалиолланың қысқаметражды «Домбыра» фильмі 12-15 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін Sensus Халықаралық кинофестиваліне қатысады.

Режиссерлерді қолдау және кинематографияны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен көркем және қысқа метражды көркем фильмдер, деректі және анимациялық туындылар мен музыкалық бейнебаяндар көрсетіледі.

06 2

Сонымен қатар, «Домбыра» фильмі 2020 жылдың 14-28 наурыз аралығында өтетін 19-шы Халықаралық Kids First кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады.

Аталған кинофестивальде әлемнің ірі студиялары, жекеменшік компаниялар мен жас киногерлер түсірген балаларға арналған фильмдері таныстырылады. Kids Firs байқауына қатысатын туындылар 50-ден астам алаңдарда көрсетіледі.

«Домбыра» фильмін Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі  түсірген. Картинада домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірін көрсетіледі.

03 3

Аталған кинотуынды былтыр Алматыда өткен IV Халықаралық Baiqonyr ISFF кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, «Бродвейдің таңдауы» сыйлығын алған. Сондай-ақ бұл фильм Нью-Дели қаласында өткен 8-ші Халықаралық  қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде (Delhi Shorts International Film Festival) «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алған.

Back to top button