Коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды – Елжан Біртанов

Коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды – Елжан Біртанов

Коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды – Елжан Біртанов
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталғанын айтты, – деп жазды ҚазАқпарат. Орталық коммуникациялар қызметінде министр: «Коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды», – деді. «Қазіргі күнде қосымша тағы бір науқас анықталды, яғни үшінші науқас деп айтуға болады. Милан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурыз күні келді. Зертханалық сараптама бойынша коронавирустық инфекция анықталды. Бұл азамат келгенде, біздің протокол бойынша әуежайдан тікелей карантинге жатқызылды», – деді Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның сөзіне қарағанда, аталған бортта 90 жолаушы болған. Оларға қатысты санитарлық шаралар іске асырылуда. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатыны айтылды.