Оралман емес, қандас болды

Оралман емес, қандас болды

Оралман емес, қандас болды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында шетелден келген этникалық қазақтарды қоғамға бейімдеп, жақын тарту үшін «қандастар» деп атау ұсынылған болатын. Прези­дент­тің «оралман» сөзін «қандас» деп атау туралы ұсы­ны­сы Мәжілістен қолдау тапты. Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қа­рауына жіберді. Кеше Мәжілістің жалпы оты­рысында «Қазақстаның кей­бір заңнамалық актілерге көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Аталған заң жобасы туралы баяндама жасаған депутат Кәрібай Мұсырман: «Сөйтіп, бір кездері ойдан шығарылып, жағымсыз атауға айналған «оралман» сөзінің орнына алдағы уақытта «қандас» атауы қолданылады», – дейді.