Мемлекеттік кірістің негізгі көрсеткіштері

Мемлекеттік кірістің негізгі көрсеткіштері

Мемлекеттік кірістің негізгі көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер ко­ми­тетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мем­ле­кеттік кірістер органдарының 2019 жылғы қыз­метінің қо­рытындысын мәлімдеді. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, 2019 жылы мем­­лекеттік бюджет жоспары 100,8 пайызға орындалып, өт­кен жылмен салыстырғанда 1 трлн 381 млрд теңге немесе 17,4 пайыз артық түсім түскен. Рес­публикалық бюджет 100,3 пайыз және жергілікті бюджеттер 102 пайызға орындалды. Ал ши­кізаттық емес сектордан тү­сетін кіріс көлемі 10 пайызға ар­тып, 6,4 трлн теңгені құра-ды. Деректерге сенсек, шо­ғыр­ландырылған бюд­жет­ке шикізаттық сектордан түсімдер – 7, шикізаттық емес сек­тордан түсімдер – 10 пайыз­ға өсті. Сонымен қатар, қосым­ша резервтер 916 млрд теңгені құрады. Оның  ішінде салық­тық және кедендік әкімшілен­діру­ді жетілдіру – 392 млрд тең­ге, цифрландыру бойынша ша­ралар 524 млрд теңге қосым­ша түсім алып келді. «Негізгі көрсеткіштердің бірі – берешектер мен артық тө­­лемдердің қысқаруы. Әкім­ші­лендіруді жақсарту бойынша қабылданған шаралар соңғы 4 жылда артық төлемдердің ең үл­кен көлеміне – 2,3 трлн тең­геден 2,1 трлн теңгеге дейін тө­мен­детуге мүмкіндік берді. 2019 жылдың қорытындысы бойын­ша 157 млрд теңгеге немесе 2,1 трлн теңгеге дейін қыс­қарды. Қабылданған ша­ра­лардың есебінен салық берешегін 12 пайызға немесе 28,3 млрд теңгеге төмендету қам­та­ма­сыз етілді. Ол 2020 жылғы 1 қаң­тарда 204 млрд теңгені құ­ра­ды», – деді Марат Сұлтан­ғазиев. Комитет басшысының айтуынша, қазіргі уа­қыт­та мемлекеттік сатып алу­дың ашықтығын арттыру мақ­сатында оған қатысушы­лар­дан қаржылық тұрақтылығын растау талап етіледі. Бұл бюджетке 58 салық төлеушінің 1 млрд тең­геден астам төлем жасауын қам­тамасыз еткен. Комитет төрағасы тау-кен өндірісін қоспаған­да экономиканың барлық басқа секторларында салық тү­сімдерінің өсімі байқала­ты­нын атап өтті. Аталған сектор­дағы түсімнің төмендеуі мұ­най­дың 10 пайызға, металдар­дың орта есеппен 13 пайызға тө­мендеуі себеп болған. 2019 жылдың маңызды жаңалықтарының бірі – азаматтарға салықтық  төлемді жеңілдетуге және баламалы түрде төлеуге бағытталған  «Са­лық әмияны» мобильді қосым­ша­сының іске қосылуы. Салық әмия­ны тетігі жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге бюд­жет­ке тиісті салықтар үшін тө­лемдерді автоматты түрде жі­беруге мүмкіндік береді. Осы қо­сымшаны одан әрі дамыту ая­сында комитет азаматтарға өз­дерінің салық салу объекті­лері туралы анық емес сипат­тағы ақпараттарды түзетуге мүм­кіндік беруді жоспарлап отыр.