Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсыбек Құлекеевті қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Белгілі экономист, «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевпен кездесу кезінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру, Қазақстан экономикасының энергиялық ресурстардың экспортына тәуелділігін төмендету мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді арттыру, фискалды және монеталық саясатты жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнім өндірушілерді қолдау бағыттарында кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button