Дәрігер вирустың аурулардан сақтану үшін картасын сатушының қолына бермей, интернет арқылы төлем жүргізетінін айтты.
"Тұмау, ЖРВИ дерттері өршіген кезде қол алысудан және қағаз ақшаны пайдаланудан бас тарту керектігін үнемі айтамын. Дұрысы, пластикалық карталармен есеп айырысу. Пластикалық картаны үнемі өзіңіз қолдансаңыз, қағаз ақша бір қолдан екінші қолға ауысып отырады. Олардың қай жерде, қандай жағдайда сақталғанынан хабарыңыз жоқ. Ал карточкаңыз үнемі қасыңызда, тіпті, қазір көбісі смартфон арқылы төлем жасауға бейімделген. Аурудың алдын алу мақсатында осы әдісті пайдалануға басымдық беру қажет", – дейді Сәдуақас Байғабылов.
Ақ халаттының айтуынша, инфекцияның қағаз ақшада нақты қанша уақыт сақталатынын айту қиын. Ақшаны дезинфекциялау мүмкін болмағандықтан, қолдан-қолға өтіп жүрген банкноттар инфекция тасымалдаушы болуы ғажап емес.