Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді

Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді

Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді
ашық дереккөзі
Елордада жатақхана өртенді. Бұл жөнінде қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «9 наурыз күні сағат 06:00-де «101» нөміріне «Көктал-2» тұрғын алабында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде жатақхана ретінде жабдықталған екі қабатты ғимараттың 200 шаршы метр аумақта шатыры өртеніп жатқаны анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жатақхана тұрғындары өз беттерімен далаға шығып үлгерген. Олар автобус паркінен жіберілген автобусқа жылыну үшін отырғызылды. Қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ. «Өрт сөндіруге 9 техника мен жеке құрамнан 43 адам жұмылдырылды. Өрттің таралуы сағат 07:39-да тоқтатылып, 09:05-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.