Гуантанамо түрмесі жабылады

Гуантанамо түрмесі жабылады

Гуантанамо түрмесі жабылады
ашық дереккөзі
274
АҚШ президенті Барак Обама Конгресс мүшелерін өзінің Гуантанамо түрмесін жабуға қатысты жоспарын қолдауға шақырды. Президент Ақ үйдегі мәлімдемесінде мұны өзінің ізбасарына шешілмеген түйінді мәселе ретінде қалдырғысы келмейтінін айтты. Ал Обаманың биліктен 2017 жылдың қаңтарында кететіндігі белгілі. Пентагонның жоспары бойынша, 35 түрме тұтқыны өзге ел үкіметтерінің қолына берілетін болса, қалған 60 шақтысын АҚШ аумағындағы түрмелерге жөнелтпек. Пентагон бұған қажетті мемлекеттік шығын 475 миллион долларға жетуі мүмкін деп есептейді. Кубаның америкалық базасындағы Гуантанамо түрмесін жабуға Обама 2008 жылғы сайлау алдында уәде еткен еді. Алайда заң шығарушы орган өкілдері тұтқындардың америкалық түрмелерге ауысуына қарсы болған. Айта кету керек, бұл түрмеде террорға қатысы бар деп айыпталғандар өамауға алынған.  

Динара Мыңжасарқыз

Серіктес жаңалықтары