Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асып жығылды

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асып жығылды

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 7 мың адамнан асып жығылды. Індет құрбандарының саны – 237. Ал 2,4 мыңға жуық адам дерттен айыққан. Бұл туралы Иран денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Али Реза Вахабзаде мәлімдеді. «Соңғы 24 сағатта 43 адам көз жұмып, коронавирустан қайтыс болғандар саны 237-ге жетті», - деді министрдің кеңесшісі. Десе де, елде індет жұқтырудың жаңа деректері азая бастаған. 6 наурызда 1234 адамнан вирус анықталса, бүгін індет жұқтырудың 595 жаңа дерегі тіркелді. Коронавирус елдің барлық аймағына таралып үлгерген. Тегеранда – 1945, Кумда – 712, Мазендеранда – 633, Исфаханда – 601, Гилянда – 524 дерек анықталды. Ел билігі аурудың таралуын шектеу үшін барлық оқу орындарында Наурыз мерекесіне дейін сабақты тоқтатты. Иранда аталмыш мереке 20 наурыздан басталады. Еске сала кетсек, бұған дейін Швейцарияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 374-ке жеткенін хабарлағанбыз. Ел билігі COVID-19 инфекциясынан екінші адам көз жұмғанын растады. Ауру құрбаны – 76 жастағы ер адам.