«Отандастар» оқу залы ашылды

Сондай-ақ!

Ислам Жеменей: Елбасы өтінішімізді екі етпей қабыл алды

Ислам ЖЕМЕНЕЙ, Шығыстанушы ғалым, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының  докторы, профессор: – 1991 жылғы 18 қарашада «Басқа республикалардан жəне шетелдерден Қазақстанның...

Зиябек Қабылдинов: Елбасыға хат жазғаным бар

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор: – 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін Тұңғыш...

Тұрсынхан Зәкенұлы: Көңілге медеу, көшке демеу болған – Тұңғыш Президент

Тұрсынхан ЗӘКЕНҰЛЫ, жазушы, тарихшы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры: – Қазақстанның Тәуелсіздік алуы – бұл дүниежүзіндегі қазақтардың арманы еді. Осы арманымыз 1991 жылы...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауым­дастығының бастамасымен «Отандастар» оқу залы ашылып, қазақ және орыс тілдерінде электронды нұсқасы жарық көрген «Қазақ әлемі» («Мир казахов») туындысы таныстырылды.

Ұлттық академиялық кітапхана аясында «Отандастар цифрлы кітапханасы» құрылды. Бұл қандастарымызға әлемнің кез келген жеріннен қалаған кітабын оқуға мүмкіндік береді.

«Отандастар» оқу залының ашылу сал­тана­тына қоғам қайраткері, Мырзатай Жол­дасбеков, түркітанушы ғалым Қаржау­бай Сартқожаұлы, белгілі қаламгер Сұлтан Ора­залин және журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Бұл жұмыс ары қарай жалғасуы қажет. Өз басым «Отандастар» кітапханасына 100-ден аса кітап бердім. Ең бастысы – кітап ха­­лыққа жетуі керек, әсіресе шетелде жүр­ген қазақтарға», – деді түркітанушы ға­лым Қаржаубай Сартқожаұлы.

Сондай-ақ жиында сурет көрмесі ашылды. Әлем сұлулығын қылқаламмен бей­нелеген атажұртқа қытай елінен келген Тол­қын Табысбек, Зерде Бақытбек, Қайрат Жәйірбекұлы, Жалын Бауырқан қатарлы су­ретшілердің туындылары ұсынылды. Қандастардың шығармашылығын көрермен қауым жоғары бағалады.

Тұсаукесерден соң, мемлекет және қо­ғам қайраткерлері, түркітанушы ғалымдар, зия­лы қауым өкілдері және «Отандастар қо­ры» мен Дүниежүзі қазақтары қауым­дас­тығы қызметкерлерінің қатысуымен арнау­лы дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында «Бұл біз көптен бері аң­сап, армандап жүрген жобаның бірі еді. Осы уақытқа дейін «Отандастар қоры» ауыз тол­тырып айтар ауқымды істер атқарып ке­леді.

«Отандастар» оқу залына шетел қазақ­та­рының кітаптар қоры қойылды. Кітапхана қоры 2 000 кітаптан асты. Одан бөлек
2 500 кітап шетелдегі қазақ мәдени орталық­тарына таратылады», – деді «Отандастар қо­рының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Шара барысында әлем елдеріндегі қан­дастар да онлайн түрде сөз сөйлеп, тілегін білдірді.

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Елбасы және Түркі әлемі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы таяп келеді. Бір ғасырға жуық уақыттың үштен бірін алатын...

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...