Дүниежүзілік банк коронавируспен күресуге көмек ретінде $12 млрд бөлді

Дүниежүзілік банк коронавируспен күресуге көмек ретінде $12 млрд бөлді

Дүниежүзілік банк коронавируспен күресуге көмек ретінде $12 млрд бөлді
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік банктің ресми сайтындағы хабарламада: «COVID-19 ауруы 60-тан астам елді қамтығандықтан, Дүниежүзілік банк аурудың жаһандық өршуінің медициналық және экономикалық салдарын еңсеру ісіне шұғыл көмек ретінде 12 миллиард долларға дейінгі мөлшерде алғашқы пакетпен қамтамасыз етеді», - делінген. Дүниежүзілік банк әлемдік денсаулық сақтау мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолдау, коронавирусқа қарсы озық күресуде жұмыс істейтін дәрігерлерді оқыту, еріктілер қозғалысын көтермелеу және кедей адамдарды емдеу бойынша бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып жатыр. ДБ-ның негізгі көмегі үшінші әлем елдеріне және ауру ошағының эпицентрінде тұрған адамдарға көрсетіледі. Коронавирус 2019 жылдың желтоқсанынан бастап әлемге тарала бастады. Дәрігерлер ауру жұқтырудың алғашқы жағдайларын Қытайдың Ухань қаласында анықтаған. Инфекциядан үш мыңнан астам адам қайтыс болды.