Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Коронавирус Арменияға жетті

Армениялық дәрігерлер елде коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегін тіркеді. Бұл туралы Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян мәлімдеді, – деп хабарлады  life.ru.

 «Өкінішке қарай, екі сағат бұрын бізде коронавирус жұқтыру дерегі анықталды. Науқас –29 жастағы азамат, ол 28 ақпанда әйелімен Ираннан ұшып келген», – деп жазды премьер-министр Facebook-тегі парақшасында.

Премьер-министрдің айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты. Ол ауруханаға түскен уақытта дене қызуы көтерілген.

«Ер адам ауруханаға түскен кезде оның дене қызуы жоғары болған, алайда қазір қалыпқа келді, оның жағдайы қанағаттанарлық. Әйелін де тексеру кезінде одан коронавирус анықталмады. Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен ережелер бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деді ол.

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған ер азаматпен байланыста болған 30-ға жуық адамды карантинге жатқызбақ.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button