Қазақстандықтар Риодан 2 алтын, 3 күміспен оралуы мүмкін

Қазақстандықтар Риодан 2 алтын, 3 күміспен оралуы мүмкін

Қазақстандықтар Риодан 2 алтын, 3 күміспен оралуы мүмкін
ашық дереккөзі
224

Голландиялық Infostrada спорт агенттігі биылғы жылы тамызда Бразилияның Рио-де-Жанейрода қаласында өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысты жаңа болжамдарын ұсынды. Агенттікке сілтеме жасай отырып, Sports.kz. сайты жерлестеріміздің дүбірлі додадан қандай олжамен оралуы мүмкін екенін жазды. Infostrada спорт агенттігі мамандарының болжамынша, Бразилиядағы алтын наградаларды қазақстандық Иван Дычко (бокста), Александр Зайчиков (ауыр атлетикада) иеленуі мүмкін. Олимпиаданың күміс жүлделері біздің жерлестеріміз Данияр Елеусіновке (бокс), Зульфия Чиншанло, Нижат Рахимов және Жасұлан Қыдырбаевқа (барлығы - ауыр атлетика), сондай-ақ Алмат Кебісбаевқа (грек-рим күресі) бұйыруы мүмкін дейді сарапшылар. Сондай-ақ, голландиялық мамандар қазақстандық спортшылар Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Жасұлан Әлімханұлы (бокс шеберлері), Карина Горичева мен Алмас Өтешев (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо) қола жүлдеге лайық деп есептейді екен.

Серіктес жаңалықтары