Азаматтығы жоқ қандастар еңбекақысын талап ете ала ма?

Азаматтығы жоқ қандастар еңбекақысын талап ете ала ма?

Азаматтығы жоқ қандастар еңбекақысын талап ете ала ма?
ашық дереккөзі
314
«Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес, оралмандар жұмысқа орналасу барысында еңбек шартын жасау үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсына алады», – дейді заңгер мамандар. Оралман куәлігінің заңды күші азаматтықпен пара-пар. Бұл куәлік ар­қылы тиісті қызмет азаматтықпен тең көрсетіледі. Оның себебі аты айтып тұр­ғандай оралман мәртебесі, яғни заң­ды статус. Оралман куәлігі қолында бар адам Үкіметтен үй алуға өтініш бере алады. Заң бойынша оралман Қазақ­стан­ның әлеуметтік әлсіз топтарының біріне жатады. Ең өкініштісі, бұл куәлік­тің жарамды мерзімі бір-ақ жыл. Оның ұзақ жылға берілмеуінің де нақты се­бептері бар. Ең басты себебі бұл куә­лікпен не шетелдік емес, не қазақ­стан­дық емес «ауада» жүріп алатын ағайын­дар көп. Осының алдын алу үшін орал­ман куәлігі тек бір жылға ғана жа­рам­ды. Қолданыстағы заңға сәйкес уа­қыты өтіп кеткен оралман куәлігінің мер­зімі азаматтық алу үшін өтініш бер­ген жағдайда ғана үш айға ұзарты­ла­ды деп керсетілген. Қазіргі қандастарды алаңдатқан жағ­дайдың бірі – еңбек шарты. Бұл қан­дас­тардың өз құқығын білмеуден, Қа­зақ­стан заңдарын түсінбеуден немесе ақ­параттық қолдаудың аздығынан туындап отыр. Өйткені қазір Қазақ­станда ықтиярхаты, азаматығы жоқ, бірақ қолында бір жылға берілген орал­ман куәлігімен (уақыты өтіп кеткен бол­са да) әртүрлі жалдамалы жұмыс іс­теп жүрген қандастар көп. Оның ба­сым көпшілігі еңбекақысын ала алмай жүргенін айтып, шағымданып жатады. Сотқа жүгініп, еңбекақысын талап етейін десе, өздерінің құжаттары әлі рет­телмеген. Келісімшартсыз жұмысқа ала­тын делдалдар «күйіп тұрған өртке бас үйітіп аладының» кебін қылады. Мамандардың айтуына қарағанда, аза­маттығы жоқ қандастар мемлекеттік қыз­мет емес, жеке кәсіпкерлерге жал­данып жұмыс істей алады. Бірақ заңды шарт жасасу арқылы жүзеге асыруға және істеген еңбегін талап етуге хақылы екенін айтады. Әйткенмен қоғамда еңбекақысын тұрақты ала алмай жүрген қандастар әлі де көп. Соның бірі Нұр-Сұлтан қаласы Ми­нистрліктер үйінің маңындағы көп­қабатты үйлердің бірінде аула таза­лау­шы болып істейтін Айқын есімді қан­да­сымыз.

Айқын неге айлығын ала алмай жүр?

Арқаның ақ түтек бораны қалың жауған қары астана жұртын біршама әбігерге түсірді. Қасат қар аула таза­лаушы Айқын Белянханның да белін қайыстырды. Айқын аптаның жеті күні таңнан кешке дейін тынымсыз сірескен сіреу-сіреу қар күреп, бел жазбайды. Күн сайын түгесіліп бермейтін күйбең тірлік арқалаған Айқынды әуелі, Túrkistan апталығының фотографы Нұржан Тұр­ғым­баев көріп, суретке түсіріп жүреді. Сосын әңгімеге тартып, мән-жайды біл­се, Айқын Белянхан Қытайдан келген қандасымыз болып шығады. Басында біршама қиындығы барын да айтады. Аптаның жеті күні демалыссыз жұмыс­қа жегілген Айқын екі ай бойы еңбека­қы­сы қолына тимей жүргенін де жасыр­мады. Айқын Белянхан ҚХР Алтай аймағы Жеменей ауданы Қар­жау қалашығының тумасы екен. 2019 жылы нартәуекел деп атажұртқа ке­ліпті. Онымен әңгімелесіп тұрғанда қа­сымызға бір жігіт келді. Ол Айқынның бастығы екен. Біздің журналист еке­німізді аңдап қалған бастығы екі сөздің біріне келмей жүре сөйлесті. «Ойбай жігіттер кешке бастықтан таяқ жеймін. Енді маған келмеңдер» деп Айқын да күйбеңдеп жұмысына кірісті. Диктофон қосып, бір екі сұрағымызға жауап берсеңіз деп едік «айнала тола камера, бастық көріп қояды. Сендерге сұхбат берсем жұмыстан шығарып жібереді, ренжімеңдер. Болса азаматтық алуға көмектесерсіңдер. Қалғанын өз пешенемнен көрейін» деп қала берді. Сосын телефонмен хабарласып, толыққанды мағлұматты алдық. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық Көші-қон полициясына ықтиярхатқа тап­сырыпты. Көші-қон қызметі 29 ақпан күні ықтиярхатыңыз шығады. Сол күні келіп алыңыз депті. Алайда екі ай бойы айлық алмапты. Аулада­ғы тұрғындар талғажау қылар­лық тиын-тебен беріпті, сонымен жан бағып жүрген көрінеді. Еңбекақысын талап етейін десе, қо­лында азаматтығы жоқ. Бірақ біз жо­ғарыда атап өткендей, шетелден келген әрбір қандасымыз атажұртта емін-еркін жұмыс істеп, еңбекақысын талап етуге ха­қылы.

Серіктес жаңалықтары