Алматыда жүргізушілер көліктерін Хэллоуинге сай безендіріп, полицияның назарына ілікті

/
Алматыда жүргізушілер көліктерін Хэллоуинге сай безендіріп, полицияның назарына ілікті
Видеодан скриншот

Хэллоуин қарсаңында Алматыда кейбір жүргізушілер өз көліктерін мерекеге арналған жылжымалы декорацияға айналдыруды ұйғарған.

Қала жолдарында "қанды" іздер бар, сондай-ақ жүксалғышынан "адамның аяқ-қолдары" салбырап тұрған көліктерді кездестіруге болады.

Кейбір жүргізушілер Хэллоуин мерекесін осылай атап өтпек болған.

"Мұндай безендірулер адамдарды үрейлендіріп, төтенше қызметтерге негізсіз хабарламалардың түсуіне себеп болуы мүмкін. Көлікпен тасымалданатын заттар жүргізушінің көру мүмкіндігін шектемеуге, көлікті басқаруға кедергі келтірмеуге тиіс", - делінген полиция ақпаратында.

Полицейлер жүргізуші жауапқа тартылуы мүмкін екенін еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары