WhatsApp арқылы қызды балағаттаған ақтаулық жауапқа тартылды

WhatsApp арқылы қызды балағаттаған ақтаулық жауапқа тартылды

WhatsApp арқылы қызды балағаттаған ақтаулық жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
350

 WhatsApp арқылы қыз балаға тіл тигізген Ақтау тұрғыны айыппұл арқалады. 

Lada.kz басылымының хабарлауынша,  істі қарау барысында ер адам WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушінің ар-намысына тиетін сөздер айтқаны анықталған.

Ақтау әкімшілік соты оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабы бірінші бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша кінәлі деп танып, бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін  Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайтынын ескерткен. Өйткені соңғы уақытта желідегі алаяқтық белең алып барады.  Өткен жылы 7 мыңға жуық қазақстандық интернет-алаяқтардың құрбаны болды.

Серіктес жаңалықтары