Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Хромтау ауданында адамдарға оқ атқан күдіктілер ұсталды

20 ақпан күні сағат 22:10-да Хромтау аудандық ауруханасына оқ жарақатын алған 5 адам жеткізілген.

«Жедел тергеу тобы құрылып, үш күдікті ұсталды. Олар бар кінәны мойындады. Күдіктілер адамдарды атқан соң 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзенінің көпір астына жасырып қойған. Ваз-2114 маркалы ресейлік нөмірлі көлік пен екі қару тәркіленді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі анықталуда. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button