2015 жыл - ауа райын бақылау тарихындағы ең ыстық жыл

2015 жыл - ауа райын бақылау тарихындағы ең ыстық жыл

2015 жыл - ауа райын бақылау тарихындағы ең ыстық жыл
ашық дереккөзі
1307

2015 жыл ауа райын бақылау тарихындағы пң ыстық жыл деп танылды. Бұл туралы БҰҰ-ның Табиғи апаттардың қауіпсіздігін төмендету бойынша Халықаралық стратегия мекемеаралық хатшылығы мәлімдеді. Мамандар қазір жер бетіндегі табиғи апаттардың шамамен 90 пайызы климаттың өзгеруімен байланысты деген тоқтамға келді. Бұл жиырма жыл бұрын болған көрсеткіштерден екі есеге көп. Халықаралық ұйымның жаңа баяндамасында 2015 жылы апаттардан 98,6 миллион адам жапа шеккендігі көрсетілген. Табиғи апаттардың 92 пайызы климаттың өзгеруі салдарынан болған. Баяндамада аталып өтілгендей, өткен жылы табиғи апаттардан негізінен Қытай, АҚШ, Үндістан, Филиппин және Индонезияда көп тіркелген. Су тасқынына байланысты апаттардан 27,5 миллионға жуық адам зардап шекті. Ал аптап ыстық дүние жүзіндегі 1,2 миллион адамға залалын тигізді. Әсіресе Франция, Үндістан және Пәкістанда күн ерекше ыстық болды. Күн өтіп кеткен әрі ыстықты денсаулығы көтере алмаған 7 346 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары