Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

«Қорқыт» ансамблі рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филар­мониясы құрамында өнер көрсететін «Қорқыт» этно ансамблі рекордтар кітабына енді.

Елордадағы Хан Шатыр сауда орталығында өткен бұл шара Алтын Орданың 750 жылдығына орай әрі ұлттық өнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Үш сағатқа жал­ғасқан бұл кеште өнерпаздар дом­быра, сырнай, қобыз, қылқобыз, нар­­­қобыз және тағы да басқа ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен жалпы саны 75 шығарманы орындап шықты. Сонымен қатар ансамбль күйші­лері­нің Қазақстанда бұрын-соңды бол­маған жаңалық жасап, нотаға қа­ра­мастан алғаш рет non-stop ре­жи­мін­де өнер көрсетуі бұл кешке ерекше кө­р­ік берді.

Ансамбль мүшелері Қорқыт, Сүгір, Қазанғап, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәу­леткерей Шығайұлы, Нұрғиса Ті­лендиев пен өзге де қазақ өнері май­талмандарының шығармасын орын­дап қана қоймай, сондай-ақ шетел туын­дыларын да ортаға салды.

Кеш соңында Қазақстанның Гин­нес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуан­дық Құдайбергенов ансамбль жетекшісіне рекорд орнатқанды растайтын арнайы сертификат та­быс­тады.

Әлия Тілеужанқызы

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button