1243
Айтысты мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды
Айтысты мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды
Айтыс өнерін дамыту туралы Nur Otan партиясы жанындағы Miras қоғамдық кеңесінің отырысында сөз болды. қоғамдық қор мүшелері айтысты мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды.
2020 жылы елімізде өтетін мәдени іс-шараларға айтысты міндетті түрде қосу және оны дамытуға меценаттарды тарту керектігі сөз болды. Қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде «Жыр жебе» айтыс мектебі бар. 30-ға жуық шәкірт тәрбиелеп отырған мектептің оқушылары облыстық, республикалық байқауларда жүлделі болып жүр.
«Жас ұрпақ әлеуметтік желілерді молынан пайдаланып, компьютермен жұмыс істеуді үйренгенмен, қазіргі таңда әдеби шығармаларды аз оқитынын байқап жүрміз. Сондықтан жасөспірімдердің тіл байлығы дамымай жатқанын байқаймыз. Тіл байлығы дамымаған жерде қазақтың тілінің небір шұрайы мен уызына қанбай өскен баладан мықты айтыскер шықпайды. Осыны есте сақтау қажет», – дейді Miras қоғамдық кеңесінің мүшесі Есберген Іңірбайұлы.