Ардагерлер партиямен бірлесе жұмыс істемек

Ардагерлер партиямен бірлесе жұмыс істемек

Ардагерлер партиямен бірлесе жұмыс істемек
ашық дереккөзі
574
Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалында партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты басқосу өтті. Іс-шараны партияның облыстық филиалы мен «Түр­кістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мү­гедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізді. Жиында Nur Otan партия­сы­­ның Түркістан об­лыс­тық филиалы төрағасының бі­­­рінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ауған соғысы ардагер­ле­рінің жас ұрпақ­ты отаншылдыққа шақыруға қо­сар үлесі мол екенін жеткізді. Пар­тия отаншыл, елді бір­лікке ша­қыратын, игі іске жұ­мыл­­дыра­тын аға буын өкілдерін қол­дауға дайын екенін мәлімдеді. Түркістан облыстық Ауған со­­ғысы ардагерлері мен мү­гедек­тері кеңесі қоғамдық бі­р­лес­тігінің кеңесшісі Бекайдар Кө­шербаев пен Ауған соғысының ар­дагері, Nur Otan партиясының Түр­кістан облыстық филиалының кеңесшісі Қа­зыбек Тәжиев маз­мұн­ды баяндама жасады. «Түр­кістан облыс­тық Ауған соғысы ар­дагерлері мен мүгедектері кеңе­сі» қоғамдық бірлестігінің төра­ға­сы Тұрғанбек Бегимов те қоғамды да­мыту жөніндегі пікірін ортаға сал­ды. Күн тәртібіне сәйкес, арда­гер­лердің өзекті мәселелері мен ұрпақ тәрбиесі де сөз болды. Ел аза­­­маттары өз ұсыныстарын айтты. Жиында Nur Otan пар­тия­сының Түркістан об­лыс­­тық филиалы мен «Түркістан об­лыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігі арасында өза­ра іс-қимылды ұйымдастыру тура­лы меморандумға қол қойыл­ды. Енді партия филиалы мен Ау­ған соғысының ардагерлері идео­логиялық-патриоттық бағыттағы іс-шараларды бірлесіп атқарады. Мағыналы кездесуде бір топ Ауған соғысының ар­да­геріне партия филиалының ал­ғысхаттары табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары