Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы Рахат Бекболат Өзбекстанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында «Серпе көтеру» жаттығуында әлемдік рекорд орнатты.

Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі қоссайыс қортындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды.

Екінші орын ирандық Аболфази Хакнурда – 342 келі (154+188), үшінші орынды өзбек Азимджон Ходжиев иеленді, ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келі көтерді (152 + 181).

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысты.

Қазақстаннан 10 спортшы қатысқан болатын, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, біздің командада 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button