Nur Otan науқас баласы бар отбасыға су тартып берді

Nur Otan науқас баласы бар отбасыға су тартып берді

Nur Otan науқас баласы бар отбасыға су тартып берді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Қордай ауылында жеке тұрғын үйге су құбыры жүргізілді. Nur Otan партиясының Қордай аудандық филиалына  қарауында балалар церебралды сал ауруы диагнозы қойылған 1 топтағы мүгедек қызы бар Нишанова Танзиляның үйіне су құбырын тарту өтініші келіп түсті. Нишановтар отбасы қыздары Бапалаева Сезімнің жәрдемақысына ғана күн көріп отыр. «Кедергіссіз келешек» жобасы аясында партияның аудандық филиалы аудан әкімі Б.Сахатовтың қабылдауында болып, су құбырын тарту бойынша жергілікті меценаттармен бірге көмек көрсетуге шешім қабылданды. Нәтижесінде Нишановтар үйіне су құбыры тартылып, жаңа санитарлық техника сатып  алынды.