Шамалғандағы апатта зардап шеккен отбасы 40 млн теңге талап етті

Сондай-ақ!

«Басын кесіп алған»: Шымкент тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер адамның денесін тауып алды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. Мәйіт 8 қарашада табылғаны...

«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді

«Самұрық-Қазына» қоры әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді, деп хабарлайды samruk-akparat.kz. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасымен және Қытай инвестициялық корпорациясын...

«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн тоннаға жетті. «Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы тағы бір...

Германияда локдаун жыл соңына дейін ұзартылды

Германияда қатаң карантин 20 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеулер 2021 жылғы қаңтардың соңына дейін созылуы да мүмкін. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді, деп хабарлайды...

Шамалғандағы теміржолда болған апатта зардап шеккен отбасы 40 миллион теңге моралдық шығын талап етті. Бұл туралы Astana арнасы хабарлады.

Алматы облысында теміржолда болған жантүршігерлік апатта зардап шеккен отбасы қомақты қаржыны  моральдық шығын ретінде талап етеді. Өйткені жәбірленуші Эльмира Жәнібекованың 4 және 5 жастағы қос қызы қазір мүгедектер арбасында.

Ал бекеттегі қайғылы оқиғаға күдікті ретінде сол күні өткелде кезекшілік еткен азамат тартылған. 

Алматы облысындағы жантүршігерлік апаттың бүгінгі кезекті сот отырысына келгендердің қарасы қалың. Сотқа 50-ден астам куәгер мен жәбірленуші барған. Отырыс бастала салысымен судья, сөзді жәбірленуші Эльмира Жәнібековаға берді. Келіншек қос қызымен бірге сол күні автобус ішінде болған. 

«Автобустан шыға алмайтынымды білгеннен кейін екі баламды жүргізушінің артына орындыққа отырғыздым. Отырғызып үлгергенімде поезд келіп соқты. Одан кейінгі есімді жоқ тек далада жидым. Қазір балаларым да өзім де үйдемін. Жолдасым қарасуда. Өйткені екі балам да мүгедектік алды», – деді Эльмира Жәнібекова. 

Жүрегі қан жылаған ана қыздарының келешегіне алаңдайды. Дәрігерлер қолдан келгенді жасағанымен, бүлдіршіндерім өздігінен жүріп-тұра алмайды дейді. Қорғаушысы сот отырысында отбасының моралдық шығынын өтеп беруді сұрады.

«Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы осы қылмыстық іс бойынша азаматтық жауапкер ретінде танылуы тиіс деп санаймын. Және Қаскелең Автобус паркі оның жұмыс беруішісі осы іс бойынша азаматтық жауапкер болуы тиіс. Жәбірленуші Жәнібекова және екі кәмілетке толмаған баласы моральдық зиянды әрқайсысына 20 млн теңге деп бағалап отыр», – дейді жәбірленушінің қорғаушысы Анар Шыныбекова.    

Елді дүрліктірген апатқа күдікті ретінде сол күні өткелде кезекшілік кеткен 60 жастағы Досбатыр Ахметжанов тартылған. Прокурор оған темір жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан деген айып таққан. Аталмыш айыппен күдіктінің адвокаты келіспейді. Ол өмірінің жартысын өз қызметіне адал арнаған азаматтың еш кінәсі жоғына сенімді. Сондықтан іске қатысты сараптамаларды «қайта жүргізу керек» деді. 

«Айыптау актісі менің ойымша Солоненка мен Колешниковтың қорытындысы негізінде жасалған. Ол дұрыс емес. 55 секунд кешірек көк нүктені басты деп тұр. Ол еш жерде нүктені дәл уақытында басты ма кеш басты ма бірде-бір прибор еш жерде есептемейді. Бұл орысша айтқанда «искать не причину, а крайного человека кого можно было сожать», – деді Алматы облысы қорғаушылар алқасының қорғаушысы Шәмиян Жайылзанов.    

Ал тергеу мәліметтеріне сенсек, диспетчер өз міндетін дұрыс орындамай, темір жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережесін бұзған. Апат қаупі төнгенде отарбаның машинистіне жылдамдықты тежеу туралы хабар да бермеген деді. Сот отырысында куәгерлерде судьяға көрген-білгенімен бөлісті. 

Айта кетейік, Шамалған бекетіндегі апат былтыр қыркүйекте болған. Өткелде тұрған автобус бен жүйткіген пойыз соғысып, қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сондай-ақ үш адам жансақтау бөліміне түсті. 

Жалпы жантүршігерлік апатқа қатысты істе 50-ден астам куәгер бар. Бүгінгі отырыста олардың жартысынан ғана жауап алынды. Сотта күдікті Досбатыр Ахметжановтың кінәсі дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін  екені ескертілді. Оған қоса азамат 10 миллион теңге материалдық шығынды өтіп беруі тиіс. 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Коронавирус қай мамандық иелеріне ерекше қауіп төндіретіні анықталды

Коронавирус парфюмерлер үшін неліктен аса қауіпті және олардың тәжірибесі өзгелерге несімен пайдалы...

«Басын кесіп алған»: Шымкент тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер...

«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді

«Самұрық-Қазына» қоры әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді, деп хабарлайды samruk-akparat.kz. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»...

«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі...

Германияда локдаун жыл соңына дейін ұзартылды

Германияда қатаң карантин 20 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеулер 2021 жылғы қаңтардың соңына...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...