Жүктілік кезінде коронавирус анадан балаға беріле ме?

Жүктілік кезінде коронавирус анадан балаға беріле ме?

Жүктілік кезінде коронавирус анадан балаға беріле ме?
ашық дереккөзі
Қытайда жүргізілген зерттеу нәтижесінде COVID-19 вирусы жүктіліктің соңғы кезеңінде анадан балаға берілмейтіндігі анықталды.  Бұл туралы Lancet медициналық журналында жарияланды. Чжуннань ауруханасының зерттеушілері Ухань университеті мен Пекин университетінде COVID-19 диагнозы қойылған тоғыз жүкті науқасқа клиникалық зерттеу жүргізді. Бұл әйелдердің барлығы дүниеге дені сау сәби әкелген. Зерттеушілер сәби дүниеге келгеннен кейін де бақылауды жалғастыра бермек.