Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер заманауи үлгіде қоларба жасады

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер заманауи үлгіде қоларба жасады

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер заманауи үлгіде қоларба жасады
ашық дереккөзі
Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер өзімен тағдырлас жандарға арналған  қолайлы қоларбаның отандық нұсқасын жасады.   24.kz арнасының хабарынша, қоларбаны мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі ойлап тапқан. Төрт мезгілге арналған арбалардың 10 түрі бар екен. Бұл арбалар отырып-тұруға ыңғайлы жасалған, тіпті қажет десеңіз созып төсек ретінде де пайдаға асатын көрінеді. Арбаны құрастырушы Ардақ Отарбаевтың мамандығы – инженер-электрик. Тағдырдың жазғанына мойымаған ол екі жыл бұрын тағы бір кәсіпке бет бұрған, өзімен тағдырлас екі досымен бірге елордада қол арба жөндейтін шеберхана ашты. «Инва-Сто» жобасының құрастырушысы Ардақ Отарбаев: «Инва-Сто» жобасын ашып жаңа арбаларды жөндей бастадық. Әу баста Үкіметтің тапсырысымен жұмыс істедік. Өйткені қаражат керек болды. Бізге құрал-саймандар, арбаға керек заттар алу қиынға соқты», – дейді. Былтыр «Дос» орталығының мүмкіндігі шектеулі жандары «Самұрық-Қазына Траст» қорының «Әрекет» жобасына қатысып, 3 млн теңгенің грантын ұтып алған. Жұмыстың ебін білетін жандар бұл қаржыға жөндеу құрылғыларын және қажетті құрал-саймандар алып, әлеуметтік кәсібін дамытқан.