«Алашорда» қоры Ә.Бөкейханның мерейтойын өткізуге халықтан көмек жинамақ

«Алашорда» қоры Ә.Бөкейханның мерейтойын өткізуге халықтан көмек жинамақ

«Алашорда» қоры Ә.Бөкейханның мерейтойын өткізуге халықтан көмек жинамақ
ашық дереккөзі
307
«Алашорда» қоғамдық қорының төрағасы, әлихантушы-ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп қордың банктік есеп шоты көрсетіліген арнайы хатын алаш баласына арнап жолдады. Әлуметтік желіде тарала бастаған хат мазмұны мынадай: Еліміздің әрбір ЖОО- ның филология, тариx, журналистика факультетінде оқып жатқан қадірлі санасы сергек, руxы ояу Студенттер! Ұстаздар және Руxаният жанашырлары! Алаш тариxына бейжай қарамайтын ағайын! Әлиxан бабамыздың 150 жылдық тойын дүркіретіп өткізуге көмек беріңіздерші.  Мемлекеттен қаражат бөлінбеді. Енді асарлатып өткізейік. Сіздер көп болып, топ болып, ұжым болып, қолға алсаңыздар, бәрі шешіледі. Әркім шама-шарқынша "Алашорда" қорына қаржы аударса игі еді. Алла разылығы үшін сауапты іс жасайық! Бір шарт: есепшотқа ақша аударсаңыз, менің жекеме түбіртегін жіберіңіз. Азаматтық - ар-ұятқа байланысты екенін ескерейік! Мына постты мейлінше көбірек таратайық. Қор төрағасы Әлихантанушы-ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп мырза «Алашорда» қоғамдық қоры ИИН: 000940007148 КБЕ: 17 Есепшот №: KZ86914398416BC11601 (KZT) KZ19914012203US000VR (USD) (Банк - Сбер банк)    

Серіктес жаңалықтары