Елімізде тұңғыш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді

Елімізде тұңғыш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді

Елімізде тұңғыш рет ММА-дан Азия чемпионаты өтеді
ашық дереккөзі
2020 жылдың 6-8 ақпанында Нұр-Сұлтанда қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен IMMAF Халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының директорлар кеңесі өтті.  width= Кеңестің мақсаты – Орта Азия аймағында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегін дамыту әрі танымал ету. Биыл маусымда Нұр-Сұлтанда өтетін ММА аралас жекпе-жегінен Азия чемпионатын ұйымдастыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құру. Кеңеске IMMAF Президенті Керит Браун, IMMAF директорлар кеңесінің мүшесі және Азия аймағы бойынша директор Висам Аби Надер, Өзбекстан Республикасы аралас жауынгерлік жекпе-жек қауымдастығының вице-президенті Шерзод Тошматов және ММА Қазақстандық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры Валихан Тен қатысты.  width= ММА Орталық Азия конфедерациясын құру туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін Конфедерация президенті лауазымына Өзбекстан аралас жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Оттабек Омаров тағайындалды. IMMAF Директорлар кеңесінің мүшесі Искандер Кәрім мен ММА Қазақстан біріккен федерациясының бас директоры Валихан Тен вице-президент болып тағайындалды. Конфедерацияның штаб-пәтері Өзбекстанда орналасады. Кеңес соңында Керит Браун алдағы Азия чемпионатының қазақстандық ММА федерациясының қолдауымен жоғары деңгейде өтетініне сенім білдіре отырып, халықаралық жарыстарда біздің спортшылардың жеткен жетістіктеріне көңілі толатынын, сондай-ақ, биылғы чемпионатта да рекордты жеңіске жететіндігіне сенімді екенін айттты.