Елімізде 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар

Елімізде 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар

Елімізде 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 89 005 адам.  Оның ішінде 49 584 – әйелдер (55,7%), оның 9 521-і – басшылық лауазымдағы әйелдер (еліміздегі басшылық лауазымның 40%). «Мемлекеттік қызмет саласының заңнамасын үнемі жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырып, кадр ауысымдылығын штаттық құрамның 6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туды», – делінген Агенттік хабарламасында. Былтырмен салыстырғанда, шетелдік білімі бар мемлекеттік қызмекерлер үлесі 15 пайызға артты (2018 жылы 2423-ден 2019 жылы 2790-ға дейін өсті). Жалпы алғанда, 91,9% қызметкердің жоғары білімі бар. Қалған 8,1%-да орта және ортадан кейінгі кәсіптік білімі бар және олар аудандық және ауылдық деңгейде ұсынылған. Мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің экономика және бизнес, құқық, техникалық және технологиялық, білім беру салаларында жоғары білімі бар.