Бесінші билік – әлеуметтік желі болса, алтыншы билік – мессенджер

Бесінші билік – әлеуметтік желі болса, алтыншы билік – мессенджер

Бесінші билік – әлеуметтік желі болса, алтыншы билік – мессенджер
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтанда өтіп жатқан қазақтілді онлайн контент жасаушылардың ІV форумында Айдос Сарым: «Бұрын БАҚ-ты төртінші билік десе, қазір «БАҚ - бесінші, алтыншы билік» деген ұғым пайда болды. Бесінші билік – әлеуметтік желі болса, алтыншы билік – мессенджер. Біз осының бәріне бейімделе алмай жатқан сияқтымыз», – деді.  ҚазАқпараттың жазуынша, саясаттанушы қазақ баспасөзі көбіне-көп өзін-өзі шектейтіні туралы сөз еткен. «Менің ойымша, қазақ баспасөзі өзін-өзі шектейді, билікке және қоғамдық пікірге тәуелді. Біз тек лайк жинайтын, өзектілігі жоқ мәселелер туралы жазамыз. Дәстүрлі баспасөз интернетпен жарыса алмайтындықтан, терең сараптамалық мақалалар жазуы керек», – дейді ол. Сондай-ақ, сарапшы қазақтілді сайттардың бір-біріне ұқсап кеткенін айтты. «Қазақ баспасөзінің иісі де қалмаған сияқты. Қазақ газеттері де, сайттары да бір-біріне ұқсап кетті. Біздің баспасөзде саяси рең пайда болып, оңшыл газеттер, солшыл газеттер, орта таптың мәселесін көтеретін газет, сайттар пайда болса деймін. Қазақ көбінесе солшыл қоғам, бізге қазір оңға бұрылыс керек. Қоғам арасында жаңа идея, жаңа пікірталастарға жол ашу өз қолымыздағы нәрсе», – дейді саясаттанушы.