Уханьда жаңа туған сәбиден коронавирус табылды

Қытайдың Ухань қаласында жаңа туған сәбиден коронавирус табылды.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, сәби дүниеге келген соң 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілген. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берді. Нәресте Уханьдағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Қытайлық дәрігерлер инфекцияның анадан балаға тікелей берілу ықтималдығын қарастыруда.

Өткен тәуліктегі дерек бойынша 28 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны расталды, оның 563-і қайтыс болса, 1 153-і ауруханадан шығарылды. Соңғы тәулікте 3 694 адамға ауру жұққаны анықталған. Олардың 73-і қайтыс болған (Хубэй провинциясында-70, Хэйлунцзянда – 1, Гуйчжоуда – 1, Тяньцзиньда -1). 261 адам ауруханадан шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button