Министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын таныстырды

Министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын таныстырды

Министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын таныстырды
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын таныстырды. Бұл туралы Ақорда жазды.  Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында Дәурен Абаев: «Биыл 20 қаңтарда министрлік Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторларымен бағдарламаны жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Мемлекеттік инспекторларға жергілікті деңгейде бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында әр өңір бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды», – деп атап өтті. Министр құжат айналымдарын азайту үшін өңірлердің есебін тоқсан сайын тыңдауды ұсынды. Осылайша аймақтарда жоспардың орындалғанына жедел мониторинг жүргізуге болатынын айтады. «Келер жылы мемлекеттік тапсырыс аясында жаңа жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін дәстүрлі музыканы насихаттау бойынша жобалар, кәсіпкерлік сала мен ұлттық өнер түрлері бойынша, әлемдегі жаңа технологиялар тұрғысында, сонымен бірге балаларға арналған анимациялық жобалар баршылық. Дәстүрлі музыка мен күйлердің, Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қазақстандық авторлардың 100 жаңа оқулығын алға жылжыту бойынша аудиоподкасттар әзірленеді», – деді Дәурен Абаев.