Коронавирус құрбандарының саны 361-ге жетті

Коронавирус құрбандарының саны 361-ге жетті

Коронавирус құрбандарының саны 361-ге жетті
ашық дереккөзі

Қытайдағы коронавируc індетіне шалдыққандар саны 17205 адамға жетті. Қауіпті вирус 361 адамның өмірін жалмады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Тағы 2296 адам ауыр халде жатыр. 475 пациент ауруханадан емделіп шықты. Соңғы бір тәулікте жаңа 2829 жағдай тіркелді. Гонконгте 15, Макаоде 8, Тайванда 10 жұқтырудың расталған жағдайлары анықталды. Қытайдың шегінен тыс жерлерде сырқаттанғандардың саны 148 адамға жетті.

Сондай-ақ, ҚХР-де тағы 21558 пациентте коронавирустың жаңа түру болуы мүмкін деген күдік бар. Ауырғандармен жақын болған 152,7 мың адам бақылауға алынды.