Шекарадан үш шақырым қашықтықта зымыранның бір бөлігі табылды

Шекарадан үш шақырым қашықтықта зымыранның бір бөлігі табылды

Шекарадан үш шақырым қашықтықта зымыранның бір бөлігі табылды
ашық дереккөзі
ҚазАқпараттың жазуынша, 30 қаңтар күні БҚО Бөкей ордасы ауданында мемлекеттік шекарадан үш шақырым қашықтықта, «Молодость» жаяу жүргіншілер жолағына зымыранның бір бөлігі құлаған. Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов бұл ақпаратты растады. «Бұл жанармай құятын багы болуы мүмкін, оны 30 қаңтарда шекара қызметкерлері тапты. Кеше Ресей оқу-жаттығу өткізді, зымыранның бір бөлігі сол жақтан ұшып келуі мүмкін. Оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр. Ешкім зардап шеккен жоқ», – деді аудан әкімі. Қосымша ақпарат мамандардың жұмысынан кейін белгілі болады.