Павлодарда қандастар неге ЖСН ала алмай жүр?

Павлодарда қандастар неге ЖСН ала алмай жүр?

Павлодарда қандастар неге ЖСН ала алмай жүр?
ашық дереккөзі
278
Сәбит ЖАНАТҰЛЫ,  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Павлодар облыстық бөлімі басшысының орынбасары:  – Қазір Павлодар облысында ше­телден келген қазақтардың ең бірінші ЖСН алу мәселесі қиын бо­лып отыр. Заң бойынша шетелден көшіп келген соң Қазақ­стан­ның сәйкестендіру нөмірін алуы қа­жет. Еліміз бойынша барлық са­лада электронды жүйеде жұ­мыс жүргізу қолға алынған. Ол бол­маса бірде-бір қызмет көрсе­тіл­мейді. ЖСН алу үшін қала немесе аудандағы мемлекеттік кі­ріс­тер басқармасына жүгінеді. Олар 18 жастан жоғары азамат­тарға ЖСН береді. Ал жаңа тәр­тіп бойынша ЖСН кәмелет жасы­на толмағандарға Көші-қон қыз­ме­ті арқылы беріледі деп қабыл­да­май отыр. Бұрын бәріне бірдей кірістер басқармасы беретін. Көші-қон комитеті берген ЖСН мемлекеттік органдардағы базадан шықпайды. Бір құжат алайын деп ЖСН берсе, мәлімет жоқ болып шығады. Көші-қон комитеті басшылығының айтуынша, заң бойынша бірегей сәйкестендіру нөмерін беретін құқығы бар. Бі­рақ техникалық мүмкіндіктер жет­пей отыр дейді. ЖСН беру стандарты бойынша 3 күнде берілу керек. Кейінгі кез­де мәлімет базасы жүйесіндегі тех­никалық себептерге байла­ныс­ты 1-2 айға созылуда. Осындай жағдаймен ЖСН ала ал­май табанынан таусылған Есіргеп Қуандықтың отбасы. 2019 жы­лы Қараша айында Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысы Құл­жа қаласынан көшіп келген қан­дастың айтуына қарағанда, ба­­лаларына ЖСН алу үшін біраз есік­ті тоздырыпты. Құ­зыр­лы мекемелер бір-біріне сілтеген. Құжаттандыру мекемелерінің шет­елден енді келген қандастарды бұ­лай сабылтып қоюы жергілікті ат­қарушы органдардың салғырт­ты­ғына сая ма? Әлде расымен тех­никалық мүмкіндіктер жетіс­пей жатыр ма, мұндай құжатты алу үшін нақты қандастар қайда жүгіну қажет, заң не дейді? «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлт­тық тізілімдері туралы» Қа­зақ­стан Республикасының 2007 жыл­ғы 12 қаңтарда бекітілген заңы­ның 2-бабы 4-тармағында Қазақ­стан Республикасында тұруға бе­рілген ықтиярхатының беткі жа­ғын­да, туған күнінен төменде ЖСН көрсетілмеген Қазақстан Рес­публикасында тұрақты тұра­тын шетел азаматтары, сондай-ақ аза­маттығы жоқ адамның куә­лігі­нің 32-бетіндегі машина оқитын мә­тінінде ЖСН-і көрсетілмеген Қа­­­зақстан Республикасында тұ­рақ­­ты тұратын азаматтығы жоқ адам­дар Қазақстан Республикасында тұруға бұрын берілген ықтиярхат құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бар куәлігін қайта ресімдеу үшін келген жері бойынша аумақтық ішкі істер ор­гандарына жүгінеді, – деп жа­зылған. Егер заңға сүйенсек, ЖСН-ды Кө­ші-қон комитеті беруі қажет. Бұл орайда ХҚКО мен кірістер комитетін кінәлай алмаймыз. «Павлодар облысындағы мемлекеттік құзырлы орындармен ты­ғыз байланыстамыз. Қолдары­нан келгенше көмектерін аямайды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармалар ба­с­шысы Қайрат Нұрмағанбетов, об­лыстық Полиция депар­та­мен­ті­нің Көші-қон қызметі басқармасының бас­шысы Арман Уәлиев, орынбасары Қазыбек Ахметов, азаматтық беру бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлістан Батталова қатарлы азаматтар кө­ме­гін тигізіп келеді қандастарға. Құжаттарды барынша тез беруге және қандастардың ортаға бейімделуіне өз үлестерін қосып жатыр. Жоғарыда атап өткен балаларға ЖСН беру мәселесін де кешіктірмей біржақты етеді деген сенімдемін», – дейді Сәбит Жанатұлы.

Серіктес жаңалықтары