Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин Қазақстанға кезекті алтын жүлдені сыйлады.
Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.
Евгений ақтық сында өзбекстандық Асадбек Самандаровпен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз 2:0 есебімен жеңіске жетті.