Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нұрәлі Махмұт Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.
63 келіге дейінгі салмақтың финалында ол өзбекстандық Омадбек Отабековке есе жіберді.
Кездесу 2:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін Евгений Васенкин 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.