Киевте қазақ халық ертегілерінің жинағы украин тілінде жарық көрді, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Кітаптың тұсаукесер рәсімі Шевченко саябағында, алты қанатты киіз үйде өтті. Бояуы қанық көркем суреттермен безендірілген ертегі кітабы 256 беттен тұрады.
"Ұлы Дала елінің сиқырлы аңыздары" деп аталатын еңбекте жалпы саны 38 қазақ ертегісі топтастырылған. Олардың қатарында "Алпамыс батыр", "Күнікей сұлу", "Ер Төстік", "Әуез ханның қырық ұлы", "Жігіт пен қасқыр" секілді халыққа кеңінен танымал шығармалар бар. 2 жарым мың данамен жарық көрген жинақ Украинадағы кітапханаларға, мектептер мен балалар үйлеріне тегін таратылып жатыр.