Ұлт көсемінің мерейтойына бюджеттен қаржы бөлінбейді

Ұлт көсемінің мерейтойына бюджеттен қаржы бөлінбейді

Ұлт көсемінің мерейтойына бюджеттен қаржы бөлінбейді
ашық дереккөзі
211

2016 жылдың 5 наурызында қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның өмірге келгеніне 150 жыл толатыны белгілі. Айтулы дата ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін шараның ел аумағында да лайықты деңгейде өткізілу мәселесін көтерген Мәжілістің экс-депутаты 2015 жылдың қазан айында премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған болатын. «Ақжол» демократиялық партиясының ресми сайтына депутаттық сауалға Үкіметтің қайтарған жауабын жариялады. Өз жауабында Үкімет Ұлт көсемінің 150 жылдығын қазақ елінде атап өтуге бюджеттен бір тиын да бөлінбейтінін хабарлады: – Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы 2016 жылы республикалық деңгейде кеңінен атап өтіледі. Қазіргі уақытта қаржы-экономикалық ахуалға және бюджеттің қысқартылуына байланысты 2016 жылғы мерейтойлық іс-шараларды өткізуге арналған мақсатты қаржы қаражаты көзделмеген. Осыған байланысты, мерейтойлық іс-шаралар мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы шеңберінде және бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен өткізілетін болады. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру мәселесі бойынша арнайы комиссия құрудың орынсыз екенін хабарлаймыз. Әлихан Бөкейхановтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемлекеттік органдарға тарихи тұлғаның мерейтойы құрметіне БАҚ-тарда кеңінен жариялай отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізуге тапсырма берілді.

Серіктес жаңалықтары