«Қазақстан мұсылмандар одағы» Мәжілістен Мадонна мен МС Сайлаубекті көргісі келеді

«Қазақстан мұсылмандар одағы» Мәжілістен Мадонна мен МС Сайлаубекті көргісі келеді

«Қазақстан мұсылмандар одағы» Мәжілістен Мадонна мен МС Сайлаубекті көргісі келеді
ашық дереккөзі
238

Жуырда экс-сенатор Ғани Қасымовтың Илья Ильин мен Серік Сәпиевті Мәжілістен көргісі келетінін айтқан болатын. Оның бұл бастамасынан кейін «Қазақстан мұсылмандар одағы» да алда өтетіп сайлауға байланысты өз ұсыныстарын білдірді.

«Қазақстан мұсылмандар одағы» депутаттық мандат атақты боксшы Геннадий Головкин, велошабандоз Александ Винокуров, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, шахматшы Жансая Әбдімәлік және хоккейші Дамир Рыспаевқа да берілуі тиіс деп есептейді.

Сондай-ақ, одақ әлемдік дағдарысты еңсеру үшін Мәжіліс депутаттарының қатарына шетелдің танымал қайраткерлері мен спортшыларын да енгізген жөн деп санайды. Атап өтер болсақ, ережесіз жекпе-жектен Ресей чемпионы Федор Емельяненко, боксшылар Флойд Мэйвезер мен Мэни Пакьяо, танымал футболшылар Криштиану Роналду, Неймар, Суарес және Леонель Мессилер де үміткерлер қатарына қосуды ұсынды.

Мұнымен қоса, мәдениет саласынан рэпер Сайлаубек, әнші Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Қайрат Түнтеков, Ділназ Ахмадиева және «Кешью» тобының аруларын да Парламенттің болашақтағы құрамынан көргісі келетіндерін жеткізді.

Ал, шетелдік әртістерден ҚМО Филип Киркоров, Сильвестр Сталоне, Алла Пугачева, Жерар Депардье, Андреано Челентано, Роберт Дениро, Ален Делон, Жан Поль Бельмондо, Мадонна, Шварценегер және көрейлік әнші PSY-ді ұсынды.

«Қазақстан мұсылмандар одағы» аты аталған азаматтар Мәжіліс құрамына енер болса, Парламенттің аты шығып қана қоймай, мемлекеттік маңызды мәселелердің дер кезінде шешілуіне әсер ететініне сенімді.

Серіктес жаңалықтары